ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек елордадағы LRT құрылысы қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды City04.kz inform.kzке сілтеме жасай.
- Нұр-Сұлтан қаласында жеңіл рельсті көлік жобасын жүзеге асыру қазіргі уақытта елорда әкімдігі «Проблемалы кредиттер қоры» АҚ-мен, Ұлттық банкпен және Қаржы министрлігімен бірге «Астана банкі» АҚ-дағы бұғатталған қаржысын алу мәселесін қарастыруда. Жобаны одан әрі іске асыру мәселесі 24 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласын дамыту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында қаралатын болады, - деді Ж. Қасымбек Үкімет отырысында.
Осы орайда ол аталған нысанның құрылысын аяқтау жөнінде Президенттің тапсырмасы болғанын еске салды.
- Алдағы уақытта әкімдік осы жобаны жүзеге асырудың нұсқаларын ұсынады. Мемлекеттік комиссия отырысының қорытындысы бойынша толық ақпаратты беретін боламыз. Жоба аяғына дейін жеткізіледі, нысанды тапсыру мерзімі алдағы жылдың соңына белгіленіп отыр, - дегі Үкімет басшысының орынбасары.