Ағаштары қурап, шөптері сарғайып кеткен орталық саябақтың басшысы сынға алынды, деп хабарлайды City04.kz.
Кеше, Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақтың жұмысын тексерді. Ағаштардың қурап тұрғанын көрген ол саябақ басшысы Әділбек Исламовқа сын-ескертпе жасады.Бұдан басқа, шаһар басшысы саябақтағы гүлдердің жағдайын көріп, мердігер компания «Жасұлан Флораға» қатаң шара қолдану керектігін жеткізді.