18+

Әлемдік жасанды сөйлеу тілі бүгін пайда болған еді

 Бірі білсе, бірі білмес:

Дүниеге осыдан 132 жыл бұрын жасанды сөйлеу тілі пайда болған еді.

"Эсперанто" деп аталатын жасанды тілдің  сол тілде сөйлейтін 2 млн адам  бүгін мерекесін атап өтеді.

Эсперанто - бұл жасанды тілдердің ішіндегі  ең танымал және ауқымды тіл. Не үшін ол тілді ойлап тапты және қалай сәтті жүзеге асты? Бұл туралы City04.kz тілшісі тарқатады.

1887 жылы варшавалық окулист Ла́зарь Ма́ркович Заменгоф эсперанто тіліне арналған "Алғашқы кітап" немесе"Халықаралық тіл" атаумен орыс тілінде шығарады. 26 шілде күні шыққан кітаптың құрметіне эсперанто тілінің туылған күні болып есептеледі.

Бұл тілде сөйлеушілер аудиториясы өте түсінікті. Заменгоф эсперантоның роман, герман және славян тілдерінде сөйлейтін білімді еуропалық үшін ойлап тапты. Соған сәйкес эсперанто осы тілдердің жиынтығы болып табылады. Сондықтан басқа жасанды тілдерге қарағанда тілді үйрену оңайырақ. Тіпті, неміс тілін білмесеңіз де немісше "Guten Tag" деген "Қайырлы күн" екенін білесіз. Ал эсперантода "күн" деген "tago".

Заменгоф эсперантоны халықаралық көмекші тіл ретінде қызмет етеді деп есептеген. Жалпы бұндай қызметті бұрын француз, қазір ағылшын тілі секілді табиғи тілдер атқаруып келеді. Бірақ бұл өте әділетсіз: біреулер оны туылғанынан еркін үйреніп алса, біреулер оны қиналып оқуға мәжбүр. Бұл мәселені эсперанто шешуі керек болатын.

Титульный лист книги «Основы эсперанто»

"Эсперанто негіздері" кітабының алғашқы беті.

Бірақ неге біз қолдануға өте ыңғайлы эсперанто тілін емес, ағылшын тілін үйренеміз?

Бұл нақты бір себептен туындаған дүние емес. Көптеген кездескен жағдайлардың әсері болып табылады.

20 ғасырда Еуропада өткен соғыстардың кесірінен эсперанто тілдес қоғам мен еуропа жұрты зардап шеккен болатын. Америка ауқатты ел болғанымен, ондағы эсперанто тілінде сөйлеушілер аз еді. БҰҰ ұйымының ресми тіліне айналдыруға ұмтылыстар болғанымен одан да еш нәтиже шықпады.

Ал қазір эсперанто тілін үйрену қажеттілік тудыра ма?

Негізі еш қажеттілігі жоқ. Тек эсперанто тілін үйрену кәдімгі марка жинаумен теңдей. Бірақ сіз оны білу арқылы сол қоғамға араласа отырып, конргесстерге, журнал басылымдарына қатысыпғ эсперанто тілін білетін адамдармен сөйлесу мүмкіндігіне ие бола аласыз. Эсперантолықтарда тіпті жеке каучсерфинг аналогы бар.

Бір ескеретіні Венгрияда мектеп оқушыларын эсперанто тілін оқытады. Әйгілі апалы-сіңлілі Полгарлардың әкесі педагог Ласло Полгар қыздарын тек шахматқа емес эсперанто тіліне үйреткен.

Қазірде шамамен 200 мыңнан 2 миллион адамға дейін сөйлейді. 

Ақнұр ҚУАНЫШ