V халықаралық армиялық ойындарының «Десанттық взвод» конкурсына қатысатын әскери қызметшілері Ресей Федерациясының әскери атағы шыққан Псков қаласына келіп жетті, деп хабарлайды City04.kz.
Қазақстандық команда Псковқа соңғылардың бірі болып қонды. Десантшылардың тасымалы Алматы-Ақтөбе-Чкаловск-Псков бағытымен өтті. Сайысты ұйымдастырушылар қазақстандық команданы ерекше көңіл мен жылу жүзбен қарсы алды. Дәстүрлі нан тұзын ұсынған қонақтар, отандық десантшыларды сайыс өтетін 76 гвардиялық десанттық-шабуылдаушы дивизияның үй-жайына қоныстандырды.
Әскери қызметшілер су жаңа казарманың үй-жайларында орналасты. Іште қару сақтау бөлмеден, киім жуатын машиналарға дейін керек-жарақтың барлығы бар. Десантшылардың көңіл күйлері өте жақсы. Ертеңгі күні оларды мәдени-танымдық серуен мен бірінші жаттығулары күтіп тұр.
Қазақстандық әскери қызметшілерді күтіп алған дивизия командирінің орынбасары полковник Роман Самохин осы сайысқа қазақстандық десантшылардың қатысуы сайыстың дәрежесін көтеріп, мәртебесін асыратынын жасырмады. Себебі, біздің десантшылар посткеңестік елдердің ішінде ең мықтылардың бірі болып танылған.
Биылғы жылғы V халықаралық армиялық ойындар 3-17 тамыз аралығында өтіп, 10 елдің аумағында өтетін болады. Олар: Әзірбайжан, Армения, Беларуси, Иран, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Монғолия, Россей мен Өзбекстан. «Десанттық взвод» конкурсына ұзын саны 20 елдің өкілдері қатысатын болады.