Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету қажеттілігін атап өткен болатын.
Осыған орай, бүгінгі күні Ақтөбе облысында жаңа технологияларды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардадың бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстардың ашықтығын арттыру мақсатында белсенді жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды City04.kz Ақтөбе облыстық Мемлекеттік қызмет істері департаментіне сілтеме жасап.
Департаменті мамандарының айтуынша, мемлекеттік қызмет саласында «Skype» бағдарламасы мен бейне конференц байланысы жиі қолданылады.
Мысалы, Департамент қызметкерлері, өткізілетін конкурстардың ашықтығын, жариялылығын және объективтілігін бақылайтын уәкілетті органның өкілдері ретінде, аудан деңгейінде өткізілетін конкурстарға «Skype» IP телефония бағдарламасының көмегімен процеске қатысады.
Бұл қызметкерлердің жұмыс уақытын тиімді пайдалануға және іссапар шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, ағымдағы жылдың басынан бері облыстық соттың конкурстық комиссиясы әңгімелесуді бейнеконференция байланысы арқылы өткізе бастады.
Мысалы, Қарғалы аудандық сотының бас маманы лауазымына үміткер Салтанат Мұсабековамен сұхбаттасу видеоконференция арқылы өткізілді, бұл оған әңгімелесуге қатысу үшін облыстық орталыққа бармауға және жол жүру шығындары мен уақытын үнемдеуге мүмкіндік берді.