Мұғалжар ауданының бұрыңғы әкімі Ербол Данағұлов Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлының ұйғарымымен Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды City04.kz.
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің мәлімдеуінше әлеуметтік желідегі ең белсенді әкімдер қатарына еңген Ербол Данағұлов Мұғалжар ауданы әкімі қызметін шілде айында аяқтаған еді.
3 жыл бойына Мұғалжар таризна қолтаңбасын қалдыруға тырысқан әкім жұртшылықпен бірге екендігін әрдайым әлеуметтік желі арқылы білдіріп отыратын
- Маған білдірген қолдауларыңыз, артқан сенімдеріңіз үшін сіздерге шын жүректен алғысымды білдіремін және жұмыс барысында қаттырақ сөйлеп, артықтау кеткен кездерімді кешіріңіздер,- деп қоштасты әкім.
Кейін жаңа қызметке тағайындалғаны туралы да хабарды дәл осы әлеуметтік желі арқылы жеткізді.
Өзінің instagram парақшасында "Ақтөбелік жерлестеріне" арнап пост жазған бұрыңғы әкім басшылықтан берілген қызметке кіріскендігін жеткізді.