Қостанай қаласында "Тұлпар-Тальго" пойыздағы жолаушының зорлау фактісі бойынша сот шешімі шықан еді. Айыпталушы жолсеріктер 2 жарым жыл бас бостандығынан айырылған болатын. Бұл жазаға келіспейтін зардап шегуші тараптың өкілі сот шешімін қайта қарау үшін аппеляцияға берді, деп хабарлайды City04.kz.
Республикалық-қоғамдық "Не молчи.KZ" қозғалысының көшбасшысы әрі жәбірленушінің сенімді өкілі Дина Смаилова сотталушыларға шыққан шешіммен келіспейтінін айтты.
Соттың аса жеңіл жазасы ҚР Президентінің атына, Бас прокурордың атына, сондай-ақ парламенттің атына жазылған жалпы қазақстандық петицияның жасалуына себеп болды.
Қоғам белсендісі бұл петицияда зорлық-зомбылық әрекеттері үшін айыпталған адамдарға қатысты заңнаманы қатаңдатуды талап етті.
Смаилованың сөзінше, олар аталған баптың ауыр қылмыстар бөліміне ауыстырылуын талап етеді. Тағы бір талап - осы бап бойынша қылмыс жасаған қылмыскерлер туралы мәліметтердің жариялануы болды.
Белсенді ел тұрғындары зорлық әрекеті үшін қамалғандардың аты-жөндерін білуге құқылы екенін айтты.
Дина Смаилова шығарылған үкімді әділетсіз деп есептейді.