Бүгін қала әкімі Мавр Абдуллиннің төрағалығымен өткен жиында мектептегі кадр жетіспеушілігі туралы айтылды, деп хабарлайды City04.kz.
Қалада орыс тілінде сабақ жүргізетін мамандар жетіспейді, әсіресе, орыс тілі мен ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері табылмай жатыр. Бұл туралы қалалық білім бөлімінің жетекшісі Саян Сүлейменов мәлімдеді.