18+

"Жас кәсіпкерге" 505 мың теңге қайтарымсыз грант берілмек

Жастар жылында «Атамекен» жұмыссыз, тұрақты табысы жоқ  18-29 жас аралығындағы жігіттер мен қыздарға арналған «Жас кәсіпкер» жобасын іске қосқан болатын, деп хабарлайды City04.kz.

- Аталған жоба «Бастау» жобасына ұқсас, онда оқытудың құрамдас бөліктері қамтылып, әр стартапты танымал бизнес-тренердің жеке сүйемелдеуі қарастырылған.

Осы жоба арқылы жастар іскерлік бойынша жаңа білім мен дағдыларды меңгеріп, нәтижесінде жеке кәсіп аша алады.

Жобаға қатысқан жастар бизнес ашуға алғашқы капитал ретінде грант немесе жеңілдікпен қаржыландыруға мүмкіндік алады, – деп мәлімдеген еді «Атамекен» ҚР ҰКП Жаппай кәсіпкерлік және шағын қаржыландыру департаментінің басқарушы директоры Бауыржан Оразғалиев.

Осыған сай аталған жоба іске қосылып жас кәсіпкерлер анықталып жатыр. Жоба аясында іріктеуден өткен кәсіп ашуға үміттілер өздерінің кәсіптерін комиссия мүшелерінің алдында қорғамақ. 

- 505 мың теңге бұл ауқымды жобаларға сәл де болсын көмек, шағын кәсіп едәуір жеңілдік болмақ. Ол үшін артылған үміт пен алынған жауапкершілікті сақтау керек. Себебі, кез келген кәсіпкер кәсібін дөңғелете алмайды.

Бұл жобаның арқасында жеке кәсіпкерлер ірі-ірі кәсіп иелерінен сабақ алып, бизнес жолындағы бағыттардан кеңес ала алады. Жас кәсіпкер өз ісіне, өз идеясына сенімді болуы керек. Сонда ғана аталмыш жобаның гранты секілді жеңілдіктерге ие бола алады,- дейді Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, «Ақ жол» ҚДП Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, кәсіпкер Асқар Садықов.

Читайте также:Интервью Аскар Садыкова. В бизнесе выживает сильнейший.

Ақнұр ҚУАНЫШ