6-тамызда облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жайында жиын өтті, деп хабарлайды City04.kz.
Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекеме басшылары мен селекторлық режимде аудан әкімдері қатысты. Ақпараттындару және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Сергей Беккердің айтуынша, жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметтің 192 түрін көрсетеді.
Оның 75-і "Азаматтарға арналған үкімет" МК , 126-і "Электрондық үкімет" порталы арқылы. 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында электрондық форматта 2 595 808 қызмет көрсетілген.
179 бақылау іс-шараларының нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында мемлекеттік қызмет көрсету процедураларының бұзылуы , мемлекеттік қызмет стандарттарында көзделмеген құжаттарды талап ету сынды 729 заң бұзушылық анықталған.
Сергей Беккер әлеуметтік саланы цифрландыруға қатысты бірқатар мәселелерді де атап өтті.
Облыста білім беру, сондай-ақ, сәулет және жер қатынастары саласындағы қызметтердің 15 түрін электрондық форматқа көшіру бойынша жұмыс басталды.
Сондай-ақ, Сергей Беккер әлеуметтік саланы, ТҮКШ, көлік саласын цифрландыруға қатысты бірқатар мәселелерді атап өтті.
Ақтөбе қаласында жыл басынан бері 79017 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген. Қала әкімі Мавр Абдуллин электронды форматта 60 қызмет көрсетіледі, дегенмен электронды үкімет порталында 17 қызмет қол жетімсіз болып отырғандығын мәлімдеді.
Білім саласында цифрландыру бойынша ағымдағы жылы балабақшаға кезекке қою және жолдама беру, 1-сыныпқа қабылдау, колледж қызметі автоматтандырылып, мемлекеттік қызмет көрсету уақыты 3-5 күннен 5-10 минутқа дейін қысқарған.
Облыс мектептерінің 100% кең жолақты интернетке, оның ішінде 93,7%-ы жылдамдығы 4 мбит және одан жоғары интернетке, 100%-ы «Күнделiк» ақпараттық жүйесіне, 100%-ы «BilimLand.kz» электронды білім беру контентіне қосылған.
Өңірде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы интернет жылдамдығына тікелей байланысты болғандықтан, облыс әкімі барлық өзекті мәселелерді шешу бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.