18+

Атамбаев өз еркімен берілді

Мәшинеге онымен бірге жақтастары Кундуз Жолдубаева мен Фарид Ниязов мінді.

Қарулы жасақ Алмазбек Атамбаевты Қой-Таштағы үйінен алып кетті, деп хабарлайды City04.kz.

Мәшинеге онымен бірге жақтастары Кундуз Жолдубаева мен Фарид Ниязов мінді.

- Келіссөздер ұзаққа созылды, бірақ ақыр соңында Алмазбек Атамбаев өз еркімен берілді, - делінеді хабарламада.

Бірақ Атамбаевтың жақтастары бұрынғы президент мінген мәшинені жібермей қойған. Милицияға басқа жолмен кетуге тура келген. Алмазбек Атамбаевты ІІМ-не алып кеткен көрінеді.