Медициналық сақтандыру қоры Қазақстандағы медициналық ұйымдардың рейтингін жасады, - деп хабарлайды City04.kz.
1404 медициналық ұйым қазақстандықтарға мемлекеттік тапсырыс аясында қызмет көрсетеді. Аталған ауруханалар мен емханалар көрсетілетін медициналық көмектің көлемі тұрғысынан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылады.
2019 жылдың алты айында барлық жеткізушілер бақылауға алынды. Ұйымдардың жұмысын талдау медициналық көмек көрсетудегі 218,7 мыңнан астам кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік берді.