Мавр Абдуллин жастармен бейресми кездесу өткізді, деп хабарлайды City04.kz
Кеше белсенді жастар қала әкімі Мавр Абдуллинмен кездесті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. «Солнечный» демалыс орталығында білім беру, мәдениет, спорт саласында ерекшеленіп, көзге түскен 30-ға жуық жастар жиналды. Бейресми кездесуде жастар қала басшысымен пікір алмасты.
Жастар даму жолындағы өз ұсыныстары мен көзқарастарын білдірді. Санк-Петербург қаласында жоғары білім алып жатқан 2 курс студенті Лаура Ануарова 10-11 сынып оқушыларына арналған оқыту тренингтерін жүргізуді ұсынды.
Іс-шара барысында жастарға арналған тимбилдинг, дәрістік сабақтар өткізілді. Сондай-ақ, қала әкімі аймақтағы мемлекеттік жастар саясатын дамытуға үлесін қосқан 15 адамға алғыс хат табыстады.
Айта кетейік, қалада 14-29 жас аралығындағы 115 мыңға жуық жас тұрады.