Оқиға үстіміздегі жылдың маусымының 20-сы орын алып, ондағы түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқыға салынуда, деп жеткізеді City04.kz.
Видеодағы көрініске қарағанда Заречный трассасының бойымен қашқан жеңіл автокөлік полиция қызметкерлерінің ескертуіне қарамастан жылдамдықты асыра сілтеген.
Трасса бойымен қашқан жеңіл автокөлік иесі соңынан қуалаған полицейлерді ұстатпай біраз әлекке салды.
Аталмыш видео жақын аралықта ғана шықса да бұл оқиға маусымның ортасында болып кеткен екен.