Қазақстандықтардың кепілсіз несие бойынша айыппұлы мен өсімпұлдары өтелді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Сity04.kz.
Қазақстанда кепілсіз несие бойынша айыппұл мен өсімпұлдарды өтеу аяқталды
- Ұлттық банк пен Үкімет банктермен және микроқаржы ұйымдарымен бірлесіп екі бағыт бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бірінші, халықтың әлеуметтік осал тобындағы адамдардың кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша берешекті 300 мың теңгеге дейін несиесін өтеу. Тізімдегі берешек туралы ақпарат жинау бойынша жұмыс жүргізілді, төлем тізімі жасалды, - деді Досаев Үкіметте.
Қаржы реттеушісінің басшысы қарызды өтеу биыл тамыздың соңына дейін жүргізілетінін атап өтті.
Досаев тұрғындарға банктер мен микроқаржы ұйымдарына жүгіну қажет емес екенін айтты, берешекті өтеу бойынша жұмысты кредит беруші дербес жүргізеді, кейін олар әрбір қарыз алушыға тиісті хабарлама жібереді.
- Екінші, 2019 жылдың 1 шілдесіне есептелген барлық қазақстандықтың кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша айыппұлдары мен өсімпұлдарын есептен шығару. 30 шілдеге қарай банктер мен микроқаржы ұйымдары кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша айыппұл мен өсімпұлды кешірді, - деп толықтырды Досаев.
Бұған дейін 5 миллионнан астам қазақстандықтың кепілсіз несиелер бойынша өсімпұлы мен айыппұлы кешірілетіні хабарланған. Олар банк есебінен жүреді.