Қаржы министрі Әлихан Смайылов Қазақстанда неліктен банктер жұмысын тоқтататынын, ақшаны қалай, қайда сақтау керектігін және біздің елде бай болу үшін қанша табу керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда былтыр үш банк жұмысын тоқтатты, олардың бірі - Астана банк, онда LRT құрылысына арналған ақша сақталған болатын. Әлихан Смайыловтың айтуынша, бұл қаражатты кепілдегі мүліктер жабады және алдағы үш жылда "Астана LRT" оны толықтай өтейді.
Сонымен қатар, ол жабылған банктердегі қазақстандықтардың депозиті жайлы және оқыс жағдайлардан аулақ болып, ақша жоғалтпау үшін не істеу керектігін айтты.
Сонымен қатар, қаржы министрі ақшаны қалай және қай валютада жинау керектігін айтты.
- Әңгіме ақшаны қандай валютада сақтау туралы болса, онда бір бөлігін теңгемен жинаған дұрыс, өйткені депозит бойынша мөлшерлемесі жоғары, бір бөлігін валютада, себебі белгілі бір тәуекел бар. Ақша бар болса, оны өзіңе, білімге, балалардың білім алуына салу керек. Бұл басты инвестиция. Адамның білімі мен қабілеті болса, бұл алдағы уақытта табыс әкеледі. Ал кіріс көп болсын десеңіз, әр түрлі жағдайларда тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін "портфельді" әртараптандыру қажет, - деді министр.
Әлихан Смайылов бай болу жолы туралы да ойын білдірді және Қазақстанда жағдайың жақсы деп саналу үшін қанша ақша табу керектігін айтты. Ол бай боламын деп емес, бақытты болымын деп мақсат қою керектігін түсіндірді.
Еске салсақ, қаржы министрі Әлихан Смайыловпен сұхбатты мына сілтемеден оқи аласыздар.
Толығырақ...