18+

Жаңа үйде балшық аяқпен: Батыс-2 мөлтек ауданына "саяхат"

Күні кешегі құбылмалы ауа-райынан бірі ләззат алып, жауынға асыр сала ойнаса, енді бірі үйіне енді қалай кірерін білмей дал болды. Бұлай дейтініміз әлеуметтік желіге назын жеткізген тұрғынның халін сипат қылғанымыз еді.

Жауын басылды. Енді тұрғындар үйлеріне кіре ала ма?

Бұл «Батыс-2» тұрғын үй кешеніндегі тоғыз қабатты ғимарат, салыстырмалы түрде жаңа, 2015 жылы салынған. Естеріңізге сала кетейік осы жылдың басында жергілікті тұрғындар алғашқы көктемгі жаңбырлардан біраз шығынға батқан еді. Сол кезде оқиға орнына қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің мамандарынан құрылған комиссия келіп, сауалнама жүргізді.

 «Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ басшысының орынбасары Ерлан Рамазанов: - Сауалнама жүргізілді, барлығы мөрленіп, жазылып алынды, материалдар алынды, енді кондоминиум төрағасы мен құрылысшы «Соллерс» ЖШС қатысуымен жиналыс өткізіледі. Біз бұл мәселені шешу жолдарын іздейміз,- деген еді. Аталмыш оқиғадан кейін орын алған әрбір оқиғаға жедел түрде шара қолданып отыруын қадағалаған жауапты өкілдер бұл жолы да таянбады.

Жаңбыр кейінгі қолайсыздық тудырған жолдар келесі күні бірден өз қалыптарына келтіріліп, жолды дұрыстау жұмыстары жүргізіліп кеткеніне куә болдық.

Әзірге құрылысы бітпеген, тұрғындарға берілген үйлердің ғана айналасы саз балшық. Зәулім үйлердің әр пәтерінен жылулық іздеп көшіп келуші баспана иелері болашақта өз қалағанына қол жеткізіп жаңбырлы күнде қолайсыздыққа ұшырамайды деп сенеміз.