18+

Кәсіпкерлерге жол айқындаушылар кездесу ұйымдастырды

Ақтөбелік жас кәсіпкерлермен "Жас кәсіпкер" және "Бастау" жобаларының жетекшілері арнайы кездесу өткізіп, біраз сұрақтарды ортаға салды, деп хабарлайды City04.kz.

Қалалық әкімдікте бас қосылған жиынға "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілі Матаева Гаухар, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілі Кубайдуллин, Досмухамбет Серик және "Ресей Сбербанк", "Евразиялық банк", "Шинторг-центр" мекемелерінен келіп, өз ақылдарын айтты.

Кәсіпкерлерді қызықтырған, толғандырған сұрақтар бойынша еркін әңгіме өрбіп, пайдалы кеңестер айтылды.

Оған қоса қазірде жастарды жинап жоспарлы іске қосылған "Жас кәсіпкер" мен "Бастау" жобалары бойынша түсіндірме берілді.