17 тамыз күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Спортшылар күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шараға қатысып, спорт ардагерлері мен түрлі жарыстардың жеңімпаздарын кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды City04.kz.
Мерекелік шараға облысымыздың спорт саласының ардагерлері, аудандық спорт бөлімдерінің басшылары, жаттықтырушылар мен танымал жас спортшылар, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында аймақ басшысы Ақтөбеде алғаш рет су спорты каноэ және байдаркада есуден өтіп жатқан жарысты тамашалады. Аталмыш жарысқа Батыс Қазақстан және Атырау облысынан спортшылар келіп қатысуда.
Сонымен қатар, аймақ басшысы «Мерген» және «Стрела» садақ ату клубтарының жұмысымен танысты.
Шара соңында облыс әкімі бірқатар спортшыларға дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстап, естелік суретке түсті.