Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылардың кезектен тыс аттестаттауға байланысты нормативтерді қабылдауы болып өтті, деп хабарлайды City04.kz.
2019 жылдың 13-17 тамыз аралығында ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметтері мен Жедел-құтқару жасақтарының бірігуі аясында, құтқарушылардың кезектен тыс аттестаттауға байланысты комиссия төрағасы Ақтөбе облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Д.М. Ермағамбетовтың бастамасымен нормативтер қабылдау бойынша іс-шарасы өткізілді.
Нормативті қабылдау кезінде ҚР ІІМ ТЖК төрағасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті жедел-құтқару жасақтарының кейбір мәселелері туралы» №246 бұйрығы басшылыққа алынды.
Нормативтер төмендегідей ретте өткізілді.
1-күні. Белтемірге тартылу,100, 1000 метрге жүгіру, кешенді күштік жаттығу.
2 -күні. Зардап шегушіні биіктіктен құтқару, арқан байлау түрлері.
3 күні. Сүңгуір бағыты бойынша тапсырма.
4-күні. Авариялық –құтқару құралдарымен жұмыс жасау, Чайка бассейнінде 50 метрге жүзу.
5-күні. Ақтөбе су қоймасында 200 метр қашықтыққа еркін мәнерде жүзу, үрмелі қайықты құрастыру.
Құтқарушыларбіліктілік сынағында құтқару дағдыларының әртүрлі деңгейін : бірі кәсіби және екіншісі өзін-өзі жетілдіру мақсатында жұмыс істеу керек екенін көрсете білді.