Алға аудандық Төтенше жағдайлар қызметкерлері ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдалана отырып өрттің алдын алу мақсатында кешкі рейдтер ұйымдастырды, деп хабарлайды City04.kz.
Көктемнен бастап бүгінгі күнге дейін жеке үйлердің тұрғындары аулаларды тазалап, аулаларда қоқысты өртеп жатыр. Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтамау себебінен қоқысты жағу кезінде үйлердің, қоралардың, шаруашылық құрылыстардың, сондай-ақ жануарларға арналған қысқа дайындалған жем-шөптердің жануы орын алады. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 20 тамызынан бастап Алға аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлері ұшқышсыз ұшу аппаратын (дрон) пайдаланып кешкі рейдтер жүргізе бастады.