Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеу қарсаңында Ақтөбе қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөлімшелері арасында спорттық іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды City04.kz.
Армрестлинг бойынша өткізілген жарыс барысында 85 кг салмақ дәрежесінде Алға ауданы ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау капитаны Арман Исаұлы Алмагамбетов І-орынға, 65 кг салмақ дәрежесінде Алға ауданы 6-ӨСБ өрт сөндірушісі азаматтық қорғау кіші сержанты Шынтас Нұрдаулетұлы Тағаниязов ІІІ-орынға ие болды.
Алға ауданының ТЖБ бастығы азаматтық қорғау майоры Рятов мақсат Әбілтайұлы өз қол астындағыларды жеңісімен құттықтап, одан әрі өркендеуін тіледі.