Аптап ыстық Қостанай және Ақтөбе облыстарында егінді жойып жіберді, деп хабарлайды City04.kz.
Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлім етті.
- Қостанай облысындағы аса қауіпті жағдай. Құрғақшылық салдарын зерттеу мақсатында облыстың барлық аудандарын зерттеген арнайы жұмыс топтары құрылды. Фактілер расталды,- дейді министр сөзінде.
Зерттеу қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қостанай облысының әкімдігі өңірдің аграршыларын қолдау туралы келісті. Омаровтың айтуынша, республика бойынша дәнді дақылдардың 58% - ы жақсы деп бағаланды. Егістіктің 33% қанағаттанарлық жағдайда.