Өрттің алдын алу мақсатында Ақтөбе қаласының төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен қыркүйек айында өрт қауіпсіздігі айлығы өтуде, деп хабарлайды City04.kz.
Ағымдағы жылдың қыркүйек және қазан бойы «Өрт қауіпсіздігі айлығы» шеңберінде барлық Ақтөбе қаласының жалпы білім беру мекемелерінде әр түрлі іс шаралар өткізілуде.
Айлықтың негізгі мақсаты – балалар мен ересектерде қауіпсіздікті сақтау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ өрт-құтқару бөлімдерінің жұмысымен таныстыру болып табылады. Егер бала алдын ала ескерту ақпаратын алса, қауіп-қатерге байланысты көптеген мәселелерді болдырмауға болады. Сол үшін ТЖ қызметкерлерінің қатысуымен мектептерде «Қауіпсіздік сабақтары», қызметкерлермен өрт сөндіру нұсқаулар, жаттығу түрінде эвакуациялау, ТЖ қызметкерлері қатысатын жан-жақты өрт және тактикалық іс-шаралар өткізіледі.
Осылайша, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде 5 мектептерде 400 жас ұрпаққа, 35 мұғалімге және 450 ата - аналарына өрт қауіпсізідігі бойынша сабақтар өткізілді. Сабақтар барысында балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері және жедел жәрдем қызметін қалай дұрыс шақыру керектігі туралы ескертілді, өрттің себептері мен зардаптары туралы түсіндірілді, төтенше жағдай кезінде қандай әрекет жасау және мектептен қалай эвакуация жүргізу керектігі туралы фильмдер көрсетілді.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға аса көңіл бөлу жүздеген адамды өрт апатында қаза болудан құтқаруы мүмкін. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар! Өрт кезінде 101 немесе 112 телефонына қоңырау шалыңыз!