16 қыркүйекте таңғы төрт шамасында «Самара-Шымкент» тасжолының 934 шақырымында Әйтеке би ауданы Белкопа елдімекенінің маңында адам өлімімен жол көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды City04.kz.
«Мазда-кронус» автокөлігінің жүргізушісі, Темір ауданының тұрғыны, Қарабұтақ аулынан Ақтөбе қаласына келе жатқанда «Самара-Шымкент» тас жолының 934 шақырымында, жолдың қарсы бетіне шығып, қарсы келе жатқан «Опель-Вектра» автокөлігімен соқтығысқан.
Жол көлік апатынан «Мазда» автокөлігі өртенген. Жол көлік оқиғасы нәтижесінде, «Опель-Вектра» автокөлігінің жүргізушісі аудандық ауруханаға жеткізілді, оның жұбайы және баласы ЖКО орнында көз жұмды.
«Мазда-кронус» автокөлігінің жүргізушісі, онын жұбайы, баласы және немересі апат салдарынан көлік салонының ішінде өртеніп кетті. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары басталды.
Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалануы кезінде, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан.