Ақтөбеде тәртіп сақшылары ерекше акция өткізуде
Ақтөбе облысы ЖПҚ басқармасының қызметкерлеріреспубликалық «Абайлаңыз-балалар!» шарасы аясында қала мектептерінің жанындағы көлік қозғалысын бақылауды күшейтуде. Балалармен және ата-аналармен алдын-алу жұмыстарын жүргізеді.
Осы шара аясында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің инспекторлары 9 мектеп-гимназиясының жанында көлік жүргізушілерін тексеріп, заңға мойынсұнатын, тәртіпті жүргізушілерді анықтады.
Құжаттары түгел, әрі балалары арнайы креслоларда болған және жолда жаяу жүру ережесін бұзбаған ата-аналардыжағымды тосын сый күтті. Оларға Ақтөбеге гастрольдік сапармен келген «Grand» Ресейлік цирк жетекшісі Михаил Неженский полициямен бірлесіп билет тарту етті.
Акцияның мақсаты - балаларды тасымалдау мен жол тәртібі ережелеріне ересектердің назарын аударту еді. Акция нәтижесі бойынша, ата-аналардың көпшілігінің жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарына байыппен қарайтыны мәлім болды.
«Абайлаңыз-балалар!» шарасы аясында облыстағы барлық орта мектептер жанына патрульдік полиция нарядтары мен учаскелік және мектеп инспекторлары да бақылау жүргізді. Оқу жылы басталғалы бері мектеп инспекторлары жол қозғалысы қауіпсіздігін ережелерін түсіндіріп, ашық сабақтар ұйымдастыруда.