17- қыркүйек күні "Ақтөбе- Арена" мұз айдынында "Ақтөбе" хоккейшілері Павлодардың «Ертіс» командасын қабылдады, деп хабарлайды City04.kz.
Шайбалы хоккейден жоғарғы лига командалары арасында басталған ҚР чемпионатының ашылу салтанатына облыс әкімі Оңдасын Оразалин арнайы қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Облыс әкімі жергілікті командаға жанкүйер болып, ойынды соңына дейін тамашалады. Командалар арасындағы кездесу 3:2 есебімен Ақтөбелік хоккейшілердің пайдасына шешілді.
Биыл алғаш рет ересектерден құралған "Ақтөбе" ХК-ның аға жаттықтырушысы Сергей Мирошниченко команда құрамына іріктелеген кәсіби ойыншылар таңдалғанын айтады.
Оңдасын Оразалин тартысты ойын соңында спортшылармен кездесіп, жеңістерімен құттықтады. Ойыншылармен сұхбаттасып, алғысын жеткізді.
Ақтөбе облысының намысын қорғап жүрген жас команда аз уақыт ішінде бірнеше жетістіктерді бағындырды.
Чемпионат желтоқсан айының соңына дейін жалғасатын болады. Ал "Ақтөбе" ХК 21-22 қыркүйек күндері "Altay Torpedo" ХК-мен өнер көрсетеді.