"Көкнар-2019" жедел іздестіру мен "Допинг" алдын алу шарасын жүргізу барысында Қарғалы ауылындағы серіктестіктердің бірінен құрамында есірткі бар өсімдіктер табылды, деп хабарлайды City04.kz.
Серіктестіктердің питомнигінің аумағындағы бау-бақшадан "Диадема" есімді қызметтік-итпен тінту барысында өсіруге тыйым салынған, құрамында есірткі заттар бар өсімдіктер табылған. Олардың жалпы саны 231 түп өсімдік.
- Сараптама тағайындалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде,- деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық полиция департаменті.