18+

Ақтөбе облысындағы өрт қауіпсіздігі айлығының бірінші кезеңінің қорытындысы

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2019  жылғы 15 тамыз және 15 қыркүйек аралығында өрт қауіпсіздігі айлығының  алдын алу бойынша іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды City04.kz.

         Облыс бойынша айлық барысында 13570 тұрғын үйге аралау, 40 мыңға жуық тұрғын қамтылып, 45 мың жадынама мен басқа да ескерту сипатындағы үгіт-насихат материалдары таратылды.

         Әлеуметтік қорғау, білім беру және полиция органдарымен өзара іс-қимыл кезінде 13 мыңнан астам мекенжай, халықтың әлеуметтік осал және тұрмысы төмен тұратын үйлер алынды, онда жеке құрам өрт қауіпсіздігі бойынша проблемалық мәселелерді анықтаумен қатар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге, 40 жатақхана тұрғындарымен (1200 адам) жиын өткізілді.

         Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп пешпен жылытылатын жеке үйлерде тұратын отбасыларға 30 бірлік түтін датчигі, сондай-ақ 10 бірлік өрт сөндіргіш және өртке қарсы төсемдер сатып алынды.

         Департамент пен оның аумақтық бөлімшелері мектептерде 4000-нан астам адамды қамти отырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мектептен балаларды эвакуациялау практикалық жаттығулары өткізілді.Тұрғындарға  балалардың отпен ойнауынан болатын өрттердің алдын алу бойынша үгіт-насихат материалдары таратылды.