22 қыркүйекте сағат түскі 4 шамасында Берсиев көшесінде автокөлік 5 класс оқушысын қағып кетті, деп хабарлайды City04.kz
Берсиев көшесінің бойында оналасқан ескі мешітке қарама-қарсы, "Хендай Матрикс" автокөлігінің жүргізушісі Некрасов жағынан Нариманов көшесінің бағытында келе жатып, Берсиев көшесінің бойында кәмелетке толмаған 5 класс мектеп оқушыны қағып кетті.
Бала көлік қозғалысЫ барысында жолдың жүру бөлігін солға қарай кесіп өткен.
Жол көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші ҰҚШҰ-ға жеткізілді.
- Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде,- деп мәлімдеді Полиция департаменті.
Осы оқиғаға байланысты, Ақтөбе облысының Полиция департаменті ата- аналардан балаларды жолдың жүру бөлігіндегі жүріс-тұрыс ережелеріне үйретуді, ал жүргізушілерден жылдамдық режимін сақтауды және жаяу жүргіншілер өткелдері мен мектептердің жанында сақ болуды сұрайды.