18+

Студенттердің тұрмыс жағдайы мен бос уақытын қадағалау

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйектен 5 қараша аралығында облыс аумағында «Студент» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды City04.kz.

Шараның негізгі мақсаты - жатақханалар мен жалдамалы пәтерлерде тұратын студенттердің тұрмыс жағдайын, сонымен қатар оқудан кейінгі бос уақытын қаншалықты тиімді өткізетіндерін қадағалау.

ЖПІШ кезеңінде барлық жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында студенттер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу шаралары ескертіліп,сонымен қатар қылмыстық және әкімшілік заңнамаға қатысты жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Ақтөбенің ювеналдық полиция инспекторлары оқу орындарынның жетекшңілерімен бірлесіп, қылмыс жасауға бейім кәмелетке толмаған студенттер арасында топтық төбелестердің алдын алу мақсатында, колледж және жоғары оқу орындары студенттерінің тұратын жалдамалы пәтерлер мен жатақханаларды текереді.

Ақтөбе қаласында барлығы 30 колледж және 13 жатақхана бар. Облыс бойынша 43 колледж және 22 жатақхана бар.