18+

Ректордың халық алдындағы жылдық есебі тыңдалды

 Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 2018-2019 оқу жылындағы қызметінің қорытындылары бойынша ректор Бауыржан Ердембековтің халық алдында есеп беру кездесуі өтті, - деп хабарлайды City04.kz университеттің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі сағатқа созылған кездесуге «Бейбітшілік және келісім кеңесі» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы, ардагер Келдібай Еспағамбетов, Ақтөбе облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кеңес Бірманов, танымал ақын, публицист, «Адырна» әдеби-көркем, көпшілік журналының бас редакторы Мейірхан Ақдәулетұлы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Ақтөбе облыстық филиалының директоры Нұргүл Әбішева, кәсіпкер Роман Рахиев, «Ер-Бақыт» спорттық-патриоттық клубының төрағасы Марат Қойлыбаев, «Қабақ баба» қоғамдық қорының төрағасы Амантай Үмбетайұлы, облыстың және қаланың білім беру ұйымдарының басшылары, университеттің серіктес өндіріс басшылары, өндірістен шақырылған практик-мамандар, меценаттар, қоғамдық ұйымдар басшылары, университет құрылымдарының басшылары, студенттік парламент және БАҚ өкілдері шақырылды.

Онлайн форматта өткен жиынға шамамен 3000-ға жуық адам қатысты.

Жиында Бауыржан Ердембеков: «Менің таңдауым – Жұбанов» жобасының нәтижесінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті студенттерінің саны биыл 15491 адамды құрады. Қазақстандық «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің» бас рейтингісінде Жұбанов университеті еліміздің 56 ЖОО- ның ішінде 4-орынды, «Білім» бағыты мамандықтары бойынша 3-орынды иеленді. Ақтөбеде өткен Х жазғы универсиадада 62 ЖОО-ның ішінде жүлделі 2 орынға көтерілді», -деді. 

Қазақстандағы шетелдік инвесторлар қауымдастығы ұсынысымен мұндай орталық 5 ЖОО-да ашылса, соның бірі - Жұбанов университетінде. Орталықтың негізгі мақсаты, ең алдымен, өңірге қажетті мамандардың мониторингін жасау. Бүгін оқуға түскен студент төрт-бес жылдан кейін жұмыссыз қалмауы қажет.

Бұл жөнінде «Bilim ja’ne g’ylym» тақырыбында өткен облыс педагогтарының жыл сайынғы дәстүрлі тамыз кеңесінде де айтылды. 

Жиында дуалды оқыту жүйесінің талаптарына сай өндірісте жүргізілетін пәндер санын көбейту, кәсіби практиканы өткізу сапасын арттыру, университеттің оқу процесіне тартылатын практик мамандардың жалақысын көбейту сияқты мәселелер күн тәртібінде екені айтылды. Облысымыздың 40-қа жуық мектептерінің базасында 80-нен астам кафедра филиалдары өз жұмысын жүргізіп келеді. Дуалды оқыту элементтері соңғы екі жылда 50-ге тарта мамандықта 124 пәнге енгізілген. Үш тілде білім беру - бүгінгі заман талабы.

Бүгінгі есеп беру жиынында Бауыржан Аманкелдіұлы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалуы, университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаты, бұқаралық спортты дамыту, «Smart Zhubanov University» кешенді жобасы, студенттік ғылыми-зерттеу жұмысы, жаңадан ашылған және жаңғыртылған атаулы кабинеттер мен орталықтар, әлеуметтік нысандардың жұмысы, студенттерді жатақханамен қатамасыз ету, университет құрылымдарын оңтайландыру жұмыстары жөнінде баяндап, жоғары оқу орнының болашақта тұрған міндеттеріне де тоқталды. Ашық әңгіме түрінде өткізілген университет ректорының бүгінгі есебінде оқу-тәрбие процесі мен ғылыми-зерттеу сапасы, білім алушылардың академиялық ұтқырлығы, шетелдік серіктестермен бірлескен қосдипломды білім беру бағдарламалары, тілдік орталықтар мен зертханалар қызметін үйлестіру, шетелдік серіктестермен бірлескен халықаралық инновациялық жобалар түгел қамылды. 

Басқосу соңында Бауыржан Аманкелдіұлы университеттің ұйымшыл ұжымына ризашылықпен алғыс айтып, еңбектеріне табыс тіледі.