Бүгін облыстық көлемде еңбегі ереңдігімен ерекше есте қалатын ұстаздар қауымын өңір басшысы Ондасын Оразалин құттықтады, деп хабарлайды City04.kz.
Атаулы күнде ұстаздарға құрмет көрсеткен мерекелік кеште өнерлі балақайлар ән салып, би биледі. Өз кезегінде ұстаздар да көтеріңкі көңіл күйде болды.
Шара барысында ұстаздарға арналған вальс пен оркестрдің орындауындағы музыкалық әуенге қоса Ақтөбе қалалық өнер лицейі мен шығармашылық академия ұйымдастырған суретшілер алаңы ерекше сыйлық болды.
Қалалық өнер лицейінің меңгерушісі осындай суретшілеріміздің ұстаздардың портретін салып беріп, қуанышқа бөлеуі ерекше сый екендігін алға тартты.
Мерекелік жиында облыс әкімі арнайы еңбегі сіңген ұстаздарды марапаттады.