Ақтөбеде IT-технологиялардың көмегімен мемлекеттік қызметт саласында бос жұмыс орындарын табу үрдісі жеңілдетілді, деп хабарлайды Сity04.kz.
Таяуда Ақтөбе облыстық мемлекеттік қызмет істері Департаменті Telegram мессенджерінде елімізде теңдесі жоқ Qyzmet.info атты жобасын (бот) жасап шығарған болатын.
Алайда үміткерлердің қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттік қызмет саласына жаңа технологияларды енгізу бұнымен шектелген жоқ.
Мемлекеттік қызметте сирек кездесетін білімді талап ететін лауазымдарды іздеуге қатысты сұрақтарымен азаматтардың жиі жүгінетіндігін ескере отырып, Департамент «Мемлекеттік қызмет картасы» - Qyzmet.info веб-сайтын әзірледі.
Бүгінгі күнге дейін мамандарға барлық сәйкес келетін мемлекеттік органдардың біліктілік талаптар жинағынның қағаз нұсқасын қолмен зерделеу қажет болатын.
Веб-сайтты әзірлеудің арқасында аталған үрдістердің ашықтығы мен қолжетімділігі қамтамасыз етілді.