18+

Танысының атынан несие алған

Ақтөбе облысының Хромтау аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз біреу оның атынан 88 мың теңгеге несие рәсімдегені туралы арызбен жүгінді, деп хабарлайды City04.kz.

Криминалдық полиция қызметкерлері Жедел шаралар кешенін жүргізу барысында жәбірленушінің әріптесін ұстады.

Ол 2019 жылдың сәуір айында жәбірленушінің жеке деректерін пайдаланып 20 мың теңге және кейін 68 мың теңге көлемінде несие алған.

- Аталған факті бойынша, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде,- деп мәлімдеді полиция департаменті.