2-қазан облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен облыстық терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті, передает City04.
Жиынға облыс әкімінің орынбасаралары, аппарат басшысы, қала әкімі, департамент, басқарма басшылары мен видеобайланыс арқылы аудан әкімдері қатысты.
Басқосуда 20 тамыз-20 қыркүйек аралығында Ақтөбеде өткен десант жұмыстары яғни, әрбір басқармаға жүктелген «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Кезекті отырыста дін, білім, кәсіпкерлік, ішкі саясат, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылары есеп берді.
«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының іске асуы бойынша баяндаған дін басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев 1ай ішінде тұрғындар арасында, ірі кәсіпорындар мен білім беру мекемелерінде 469 шара ұйымдастырылғанын мәлімдеді. Ол жұмыстар мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, дін саласына қатысты ақпараттық насихат жұмыстары болып табылады. Тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін кеңінен қамту, діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік органдарға деген сенімді ояту мақсатында үш рет «Ашық есік күні» өткізілген.