18+

Гидротехникалық құрылғыларына қарау жұмыстары жүргізілді

Алға ауданы көлеміндегі 16 гидротехникалық құрылыстарға (плотиналарға) аудан әкімінің шешімімен құрылған комиссиясымен қарау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды City04.kz.

2019 жылдың 4 қазаныңда Алға ауданы, Бесқоспа ауылдық округіндегі «Көсем» және «Шолақ» су қоймаларының жағдайларын ұшқышсыз ұшу аппаратымен (дрон) су қоймаларына биіктен шолу жасалды.

Аппарат көмегімен су қоймасына құятын өзендердің арналары, су қоймасының қорғаныс бөгеттері толығымен қаралды.

Қарау жұмыстары нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша, акт жасалып, су қоймасын жалға алған кәсіпорын басшыларына кемшіліктерді жою бойынша тапсырма берілді.