Жеке құрамның қысқы арнайы киім үлгісіне ұйымдасқан түрде ауысуы үшін Ақтөбе қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «ӨС және АҚЖҚ» ММ №2 МӨСБ аумағында саптық байқау жүргізілді, деп хабарлайды City04.kz.
Байқау нәтижесі бойынша қызметкерлер өзінің толық дайындығын көрсетті. Аталған іс- шараға Қызметтің басшылығы қатысты. Басшылық және жауапты тұлғалар саптық дағдының деңгейін, бөлімшелердің үйлесімдігін, сыртқы келбетін, киім-кешек түрлерін, қызметтік куәліктің бар болуын, жеке нөмірі көрсетілген жетондарды, Қызметтің жеке құрамының айырмашылық белгілерін тексерді.
Бөлімшелер бастықтарының сапты еппен басқара білуі және Өрт сөндіру қызметі құрылымдық бөлімшелерінің және өрт сөндірушілердің саптық дайындығының жай-күйі көрсетілді.
Саптық тексеріс нәтижелерін Қызмет бастығы азаматтық қорғау полковнигі Д.М.Ермағамбетов жақсы деп таныды.