2019 жылдың 11 қазан күні Ақтөбе облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ-сі, №47 жалпы білім беретін орта мектебімен бірлесе ұйымдастыруымен Халықаралық қыздар күніне орай «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты шара өтті, деп хабарлайды City04.kz.
Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамытуды мақсатқа алған шара өз деңгейінде аталды.