18+

Төтенше жағдайлардың алдын алу

Ата-аналардың жиналыстарына қатысуы 2019 жылдың 7 қазанында Алға ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Аудандық білім беру мекемелерінде өткен ата-аналар жиналыстарына қатысты, деп хабарлайды Сity04.kz.

Ата-аналарға, мектеп ұстаздарына балалардың араласуымен республика, облыста орын алған өрттерге тоқтатылып, мектептен тыс кезде балалардың өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаулары бойынша нұсқаулықтар жүргізілді.

Жиналыс уақытында 185 ата-ана, 40 ұстаз қамтылып көптеген нұсқаулықтармен бөлісілді.