Атырау гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерін диверсияға тойтарыс беру әзірлігіне тексерді, деп хабарлайды City04.kz.
Тактикалық-саптық оқу жаттығудың барысында әскери бөлімде штаттан тыс жағдай орын алған кезде әскери бөлімнің кезекші күштері мен жасақтардың іс-әрекет тәртібі мен тұрақты дислокациялану пунктінде орналасқан жеке құрамның әркеттері пысықталды.
Жаттығу «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы полковник Шайх- Хасан Жазықбаевтың бастауымен өтіп, Атырау гарнизонындағы әскери бөлімдердің біреуіне шартты түрде шабуыл жасаудан басталды. Өз кезегінде, кезекші күштер өзара қарым-қатынасты ұйымдастырып, шабуылға бірігіп тойтарыс берулері қажет болды.