Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері Мемлекеттік қызмет саласындағы Астаналық хабтың қолдауымен Сингапурдың Мемлекеттік қызмет колледжінде өткен «8th Temasek Foundation International Governance & Public Administration Programme» оқыту курсына қатысты, деп хабарлайды City04.kz.
Сингапурдың экономикасы 2019 жылғы Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіне сәйкес әлемдегі ең бәсекеге қабілетті деп танылғандықтан, бұл елдің мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметінің тәжірибесін зерделеу Агенттік үшін ерекше қызығушылық тудырады.
Азия – Тынық мұхит аймағының 9 елдерінің, соның ішінде Қытай және Үндістанның қатысуымен өткен бағдарлама барысында қазақстандық «Президеттік жастар кадр резерві» жобасы таныстырылды. Қатысушыларды Президеттік жастар кадр резервін құру, іріктеу үрдістері мен олардың ашықтығы, Қазақстанның талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту бойынша тәжірибесі қызықтырды.
Сапар аясында Агенттік өкілдері Сингапурдың мемлекеттік қызметтің адами капиталын дамыту міндетін атқаратын Сингапур Премьер - Министрі Кеңсесінің жоғары лауазымды тұлғасы Лим Пуай-Се ханыммен екіжақты кездесу өткізді.
Лим Пуай-Се ханым Президенттік жастар кадр резервін қалыптастырудың өзектілігін атап өтіп, таланттар пулын құру бойынша Сингапурдың тәжірибесімен бөлісті.