18+

Қарғалы ауданындағы Құтқарушылар күні

21 қазан күні Қарғалы аудандық Мәдениет үйінде «19 қазан – Құтқарушы күні» атты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Қарғалы гарнизонының құтқарушылары мен өрт сөндірушілерін құттықтауға және осы күннің қуанышын бөлісуге, Қарғалы ауданының әкімі А. Жүсібалиев, аудандық маслихат хатшысы Н. Заглядова, аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, аудан тұрғындар мен жастары қатысты.

Іс-шараға Қарғалы ауданының азаматтық қорғау ардагерлер да қатысты. Салтанатты бөлім басталар алдында іс-шара қонақтары гарнизонның өрт-техникалық және құтқару жабдықтарымен танысты. Кіріспе бөлімнің соңында қонақтарға өрт сөндіру «кроссфит» бойынша көрсетілім ұйымдастырылды.

Іс-шараның салтанатты бөлімі Қарғалы ауданының әкімі А.Жүсібалиевтің құттықтау сөзімен ашылды, ал өз кезегінде құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің қауіпті, күрделі және көп еңбекті қажет ететін жұмыстарын атап өтіп, ерекше көзге түскен алғыс хаттарын табыстады.

Сонымен қатар, аудан әкімі азаматтық қорғау жүйесін дамыту және қорғауға қосқан үлесі үшін Ақтөбе облысының ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Б.Сыздықовтың атынан аудан орталығы мен ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдарының басшылығына алғыс хаттар табыс етті. Іс-шара мерекелік концертпен жалғасты.