Бішкекте екіжақты кеңесте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз еліне алдағы мемлекеттік сапарына дайындығы талқыланады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапармен баруды жоспарлап отыр, деп мәлімдеді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров, деп хабарлайды City04.kz.
- 29-30 қазанда Бішкекте Қазақстан мен Қырғыз елінің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде СІМаралық консультациялар өтеді. Қазақстандық делегацияны ҚР СІМ орынбасары Марат Сыздықов, қырғыз тарапын - министрдің бірінші орынбасары Нұран Ниязалиев басқарады, - деді Смадияров.
Ол екіжақты кеңесте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз еліне алдағы мемлекеттік сапарына дайындық және Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Жоғарғы мемлекетаралық кеңесінің V отырысын өткізу, сондай-ақ екіжақты күн тәртібіндегі мәселелердің кең ауқымда талқылау жоспарланған.