18+

Ақтөбелік аталар мен әжелер Алматыдан олжалы оралды

Ұлттық өнерді ту еткен «Атамекен» ардагер аталар мен «Асылым» аналар ән ансамблі Алматы қаласында өткен"ӨНЕРЛІ ЕЛДІҢ ӨРЕСІ БИІК"атты IV республикалық ата-апалар арасындағыбайқауда өнер көрсетіп, көптің таңдауымен Бас жүлде – Гран-При иегері атанды, деп хабарлайды City04.kz.

Бүгін теміржол вокзалында Алматыдан олжалы оралған өнерлі аталар мен әжелерді жерлестері, туыс-бауырлары, отбасылары зор ықыласпен, қошаметпен күтіп алды.

Айта кету керек, бұл республикалық байқаудың ұйымдастырушысы, идея авторы – Гүлмира Нәлібай, «Мереке» шығармашылық орталығының жетекшісі М.Смайлова мен «ҚР Еңбек сіңірген әртісі», бас сарапшы – Сұлушаш Нұрмағамбетқызының төрағалығымен ұйымдастырылған зейнеткерлер арасындағы байқау биік деңгейде өтті.

Ақтөбеқалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанынан құрылған «Атамекен» ардагер аталар мен «Асылым» аналар ән әнсамблі байқаудың нәтижесі бойынша 9 номинациябойынша үздік атанып, әділқазылардың сүйіспеншілігіне бөленді.

Атап айтсақ:

1.«Бата беру» номинациясы бойынша - Ырсалы Имұхамбет;

2.«Ақындық өнер» номинациясы– Ундирбаева Дәметкен;

3. «Жеке дауыс»номинациясы- Жұбатқанова Жанар;

4.«Жеке дауыс»номинациясы– Дильманов Сағынжан;

5.«Дәстүрлі ән» номинациясы– Нұржанова Күлән;

6.«Жеке дауыс» номинациясы-Қуан Қамалхан;

7.«Хормен ән салу» номинациясы -«Асылым» аналар ән ансамблі;

8.«Дуэт»номинациясы– «Атамекен – Асылым» ардагер аталар мен аналар Халықтық» ән ансамблінің дуэті;(Ж.Жұбатқанова, С.Бекболатов).

9.«Квартет» номинациясы бойынша – Қ. Сағынова, С.Ділманов,Ж.Жұбатқанова, С. Бекболатовтар үздік деп танылды.

«ХОРМЕН ӘН САЛУ» номинациясыбойынша Бас жүлдені «Атамекен - Асылым" ардагер аталар мен аналар «Халықтық» ән ансамблі иеленді.

Кәсібидеңгейде өнер көрсеткен қос ұжымға әділқазы мүшелері алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

Бұл ретте қос ансамбльдің көркемдік жетекшісі -Халықаралық және Бейбітшілік Әлемі творчестволық бірлестігі "Мәдениет майталманы" медалінің иегері Қ.Сағынованың еңбегі зор екенін айтуымыз қажет. Ансамбльдің музыкалық сүйемелдеушісі – С.Бекболатов.

Еңбекте табыс биігінен көрінген аталар мен әжелеріміз осылайша сахна төрінде өнер көрсетіп, жастарға үлгі көрсетуде. Жанкешті еңбек етіп, өнерін ұштаған қос ұжымға шығармашылық табыс, қажымас қайрат, зор денсаулықтілейміз!