Ақтөбеліктердің қала жолдарын қалыпқа келтіру туралы ұсыныс-тілектері талқыланды, деп хабарлайды City04.kz.
Бүгін қалалық әкімдік ғимаратында шаһар басшысы М.Абдуллиннің төрағалығымен қаладағы автокөлік жолдарын қалыпқа келтіру және жөндеу мәселелері қаралды. Қоғамдық талқылауға мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері, қоғам белсенділері, блогерлер қатысады. Ақтөбе қаласының әкімдігі шаһарда көлік кептелісін азайту мақсатында жол айырықтарын, оң жақ бұрылыстарды, жол үсті өткелдерін, көпірлерді салу, көше жолдарын жөндеу жұмыстарын жоспарлап отыр. Жобалардың сызбалары қала әкімдігі сайтының www.akt.gov.kz ресми парақшасында және инстаграм әлеуметтік желісіндегі @aqtobe_akimat парақшасында орналастырылады.
Тұрғындармен кері байланыс орнату мақсатында онлайн түрінде талқыланады. Дәлірек айтқанда, ақтөбеліктер қала жолдарын қалыпқа келтіретін жобалардың сызбасымен тынысып, ұсыныс-пікірлерін қалдыра алады.