Шығармашыл балалар мен жастар ата-анасының қай кезде де көз қуанышы. Олардың жетістікке ұмтылуы мен бір нәрсе ден қойып қызығушылықпен кіріскені мақтаныш.
Ақтөбенің де біршама балақайлары жаңадан ашылған немесе бұрыннан бар оқу орталықтарында өз тәлімдерін шындап жүр екен. Күні кеше Шығармашылық даму орталығының ашылу салтанатында Асель ханым бастаған орталықтың тәлімгерлері өз өнерлерін көрсетіп, алған білімдері еш зая кетпейтіндігін танытты.