Дүйсенбі, 4 қараша күні облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен цифрландыру мәселелеріне арналған отырыс өтті, деп хабарлайды Сity04.kz.
Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың, басқармалар, департаменттердің басшылары және барлық аудан әкімдері бейнеселекторлық байланыспен қатысты.
Отырыста тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, қауіпсіздік, білім, денсаулық сақтау салаларындағы цифрландыру және Smart City бағдарламасын енгізу бойынша атқарылған жұмыстар туралы туралы мәселелер көтерілді.