8 қараша күні сағат 14:00 - 18:00 аралығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Ғалымбек Нұрмыханұлы Досанов облыс тұрғындарының сұрақтарына жауап беретін болады, деп хабарлайды City04.kz.
Егер де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекет саясаты, бүгінгі заң талаптары, бұл дерттің алдын алуда қоғамдық институттармен ықпалдасу, парасатты қоғам құру мәселелері бойынша және «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысына қатысты сізді толғандырған сұрақтар болса интернет-конференция барысында толыққанды жауаптар ала аласыз.
(Сұрақтар төменге)