18+

Димашты қарсы алған Жапония әуе-жайы қазақша сөйледі

Youtube желісінде Жапонияның әуе-жайынан Димашты жанкүйерлері қалай қарсы алғаны туралы видео пайда болды.

Жапония әуе-жайы Димашты қарсы алған кезде хабарды үш тілде таратты: жапонша, қазақша және қытайша, деп хабарлайдыZakon.kz.

Димаш Құдайберген 19 қарашада Токиода өтетін кіл мықтылар ән фестиваліне қатысу үшін бүгін Жапонияға барды. Youtube желісінде Жапонияның әуе-жайынан Димашты жанкүйерлері қалай қарсы алғаны туралы видео пайда болды.

"Бұл видеоны көрген Димаштың әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері оған өте жоғары баға берді. Себебі, Димашты қарсы алуға Жапония өте жоғары деңгейде дайындалған: біріншіден, әуе-жай қазақ тілінде сөйлеп, Димаш бастаған топты бір елең еткізді, екіншіден, оның залмен өтуі кезінде арнайы қоршаулар қойылып, оның қауіпсіздігіне ерекше ден қойылған, үшіншіден, жанкүйерлер сыйлаған сыйлықты полиция алдымен қабыл алып, оның тексерген соң Димашқа ұсынды", делінеді видео хабарламада.

Жапония әуе-жайының қазақша сөйлегеніне қарап, кейбір жанкүйерлер "Димаштың арманы орындалды" деп жазып жатты желіде. Олар бұл арада Димаштың "қазақ тілін әлемге таныту менің арманым" дегенін меңзесе керек.

Айта кетсек, Димаш Құдайберген 19 қарашада Жапонияда өтетін ABU TV Song Festival 2019 концертінде өнер көрсетеді. Ол шақырылған қонақтар ретінде Қазақстанның атынан шығады. Онда Азия-Тынық мұхитына кіретін елдердің үздік әншілері өнер көрсетеді. Әр ел өзінің ең үздік әншісін ұсынады, Димашты Хабар телеарнасы ұсынған. Байқауда кіл мықты әншілер өзара додаға түспейді, бұл мықтылардың көрермендерге арналған екі сағаттық концерті болады.